Сенбі, 06 қыркүйек, 03:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Депутат онлайн казиноларды жарнамалайтын блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынды

06.09.2025

47 0

Фото: senate.parlam.kz

Сенат депутаты Геннадий Шиповских онлайн казиноларды жарнамалайтын блогерлерге жазаны күшейтуді сұрап, депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, кейінгі екі жарым жылда елімізде 205 астыртын казино жабылып, 224 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Блогерлердің заңсыз қызметтерді ілгерілетуге қатысуы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Тек биылдың өзінде 34 блогердің онлайн казиноларды жарнамалағаны анықталған. Олардың ішінде кейбірі бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылса да, заңсыз әрекетін жалғастырып келеді. Себебі қарапайым айыппұлдар оларды тоқтатуға жеткіліксіз, заңсыз жарнамадан түсетін миллиондаған пайда төленген әкімшілік жазадан әлдеқайда асып түседі.

«Әлеуметтік желілер кеңістігінде кейбір блогерлердің заңсыз жеңіл ақша табу үрдісі күрт көбейіп кетті. Әсіресе, олардың онлайн казино, жалған ұтыстар, яғни гивтар, курстар және күмәнді қаржы айналымдарын насихаттауы кеңінен етек алып отыр. Бұл құбылыс халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына айтарлықтай зиян тигізіп, жастар арасында құмар ойынға тәуелділік, отбасылық дағдарыс және көлеңкелі қаржы айналымының өсуіне әкеліп отыр», – дейді депутат.

Геннадий Шиповских мұндай блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

«Қазір заңсыз онлайн казино және күмәнді гивтерді жарнамалаған блогерлерге қолданылып жатқан әкімшілік айыппұлдардан бөлек, қылмыстық жауапкершілік тетігін толыққанды іске қосуды ұсынамыз. Әлеуметтік желілерде жиі ұйымдастырылатын ұтыс ойындары мен гивтердің заңдылығын тексеру үшін арнайы мониторинг жүйесін енгізу керек. Заңсыз жарнаманы таратушылармен қатар, осы қызметке делдалдық жасап отырған төлем ұйымдары мен жарнамалық агенттіктердің қызметіне мониторинг жүргізу керек», – деді Геннадий Шиповских.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: