Сенбі, 14 ақпан, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Депутат: Жаңа Конституция жобасындағы әр норма тәуелсіздікті қорғауға бағытталған

14.02.2026

45 0

Фото: Видеодан скрин

Жаңа Ата заң жобасы тұтастай елдің егемендігіне кепілдік береді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның сөзінше, жаңа Конституцияға көшу жаңа бір тарихи кезеңге өтуге жол ашады.

— Тәуелсіздіктің тамырына балта шабуға жасалған қадамның барлығы заңнамалық тұрғыдан талқандалу керек. Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, бүкіл 11 бөлім, 96 бабының барлығы тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени, рухани, ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, азаматтардың ар-ождан бостандығы, территориялық тәуелсіздік, өзге елдермен қарым-қатынас — осының барлығы жаңа Конституция жобасында қамтылған. Бұл — жаңа бір тарихи кезеңнің бастауы, — деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: