Депутаттардың жаңа премьер-министр туралы өзара әңгімесі видеоға түсіп қалған. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отставкаға кеткеннен кейін «Amanat» партиясы жаңа премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынған болатын.
Жаңа үміткердің тағайындауға депутаттардың келісімін алу үшін мәжілісте жалпы отырыс өткен еді. Мәжіліс депутаттарының отырысқа ерекше дайындалғаны байқалады. Жаңа премьер-министр туралы зерттеп-зерделеген олардың өзара әңгімесі видеоға түсіп қалған. Әңгіме барысында депутат Дәулет Мұқаев таныстарынан Олжас Бектенов туралы сұрағанда тек жақсы пікір естігенін айтады. Сондай-ақ оның екі әріптесі де оның таза адам екенін, жастарға мүмкіндік беру керектігін айтады.
Бейне нұсқасы: https://youtube.com/shorts/rLy03t3AgmY?si=AbDwD46jPy2moHpz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!