Бейсенбі, 15 қаңтар, 17:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Дональд Трамп Қазақстан президентіне Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлады

23.12.2025

156 0

Сурет: akorda.kz

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов 2025 жылдың 16 желтоқсанында Президент Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың 2025 жылдың 23 желтоқсанында таратқан ақпаратына сүйенсек, рәсімнен кейін тараптар қысқаша әңгімелесті.

Кездесу барысында АҚШ Президенті биыл қараша айында Ақ үйде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Дональд Трамп Мемлекет басшысына жылы лебізін білдіріп, оны «халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, тамаша тұлға» деп сипаттады.

Сондай-ақ АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Дональд Трамптың жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: