Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге «Достық үйі» жаңадан салынуда.
Мердігер мекеме – «Астана Сервис ЛТД» ЖШС, құны 3,5 млрд.теңге. Құрылыс 11 сәуірде басталды, бүгінде бірінші және екінші қабаттың колонна-ригельдері құйылып бітті, екінші қабаттың жабын плитасы қойылуда. Цокольді қабаттың ішкі инженерлік желілері, ішкі сылақ жұмыстары, сыртқы инженерлік желілері жүргізілуде. Нысан басында 5 техника, 62 адам жұмысқа жұмылдырылған. Құрылысты қараша айында толық аяқтау жоспарлануда.Ғимарат ашық кеңістік астында түрлі форумдар, лекциялар, көрмелер, концерттер және т.б. іс-шараларды өткізуге арналған. Күн сәулесінен қорғайтын өрнектері бар сәндік панельдермен перфорацияланған. Офис бөлмелері екінші және үшінші қабаттарда орналасады.
Аймақ басшысы құрылысқа қойылатын басты талап сапа екенін атап өтіп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыс бойынша 166 млрд. 800 млн. теңгеге 96 жобаның құрылысы жүруде.Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында, қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге бу-газ қондырғысын салу келісілді. Бұл мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады.Жақында облыс орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған, құны 11 млрд. теңге «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы өз жұмысын бастады. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараттары ел игілігіне берілді.Облыстық тарихи-өлкетану музейі салтанатты түрде ашылды. Президентіміздің қолдауымен Қызылорда қаласында 26 млрд. 500 млн. теңгеге 11 мың орындық жаңа стадион, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 2 млрд. 900 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Сыр жұртшылығы асыға күткен нысандар алдағы қыркүйек айында ашылады.Облыс орталығындағы құны 20 млрд. 500 млн. теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылыс алаңында да қызу жұмыс атқарылуда.

Қызылорда облысы әкімінң баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!