Дүйсенбі, 08 қыркүйек, 15:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Ел экономикасы үшін маңызды, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс

08.09.2025

54 0

Фото: Скрин

Ел экономкасы үшін маңызды, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты. 

– Инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн. Ел экономкасы үшін маңызды, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Жалпы, инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті. Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек. Қорды қосымша инвестиция көзі ретінде қолдану үшін ел ішінде болашағы зор және нарықтағы әлеуеті жоғары болатын жобаларға қаржы бөлуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ең бастысы, қаражатты мұқият ойластырып, жұмсау керек. Бұл іске қажетті болса сапалы сараптама жасай алатын халықаралық деңгейдегі басқарушылар мен инвесторларды тартуға болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: