Жұма, 27 желтоқсан, 00:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде 6 мыңнан астам адамның несиесі кешіріледі

31.10.2023

791 0

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова халықтың несиесін кешіру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Жеке тұлғалардың банкроттығы процедурасынан тыс несие кешіру шарасы бола ма?» – деп сұрады журналист.

Әуелі вице-премьер бұған дейін халықтың несиесі неге кешірілгенін түсіндірді.

«Есіңізде болса, жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заңнамалық негіз болмағандықтан халықтың бір бөлігінің несиесі кешірілген болатын. Қазір ондай заңнамалық негіз бар. Соның аясында 6 мыңнан астам адам банкроттық жариялау мүмкіндігін алғанын бүгін айттық. Олар банкрот деп мойындалды, яғни олардың мәселесі шешілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Бүкіл жұмыс заңнама аясында, бекітілген регламент бойынша жүреді. Банкроттықтан бөлек несиені кешіру процедурасы болмайды», – деді Тамара Дүйсенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: