Жұма, 24 қаңтар, 23:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Елімізде АЭС салатын вендор бірінші жартыжылдықтың соңында анықталады

24.01.2025

99 0

Фото: Midjourney

Қазақстанда атом электр стансасын салатын шетел өкілдері елімізде болды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM.

– Министрдің басшылығымен барлық әлеуетті елдер бізге келді, тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, сонымен қатар вендорларға қойылатын талаптар тізімі анықталды. Олар қазір кері байланыс орнатып жатыр, – деді Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Вице-министрдің айтуынша, атом электр стансасын салу бойынша қорытынды бірінші жартыжылдықтың соңында шығады. 

– Алдын-ала нәтижелер жарияланады. Бірінші жартыжылдықтың соңында әлеуетті вендор анықталады, – дейді ол. 

Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елде АЭС-ті кім салатыны 2025 жылдың бірінші жартысында белгілі болатынын айтқан еді. 

Сондай-ақ Энергетика министрлігі қазір АЭС құрылысындағы консорциум аясында 4 елмен келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: