Сенбі, 19 шiлде, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53, 2166
19.07.2025
PDF мұрағаты

Елімізде «Мен жұмысшы мамандығын таңдаймын» атты республикалық онлайн-байқау басталды

19.07.2025

42 0

Фото: gov.kz

Елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттауға және техникалық пен кәсіптік білімнің жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған «Мен жұмысшы мамандығын таңдаймын» республикалық онлайн-байқауы басталды.

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен басталған бұл байқау 16 шілде мен 20 тамыз аралығында өтпек.

Байқау медиа-челлендж форматында ұйымдастырылады: колледжге түсуші талапкерлер мен 1-курс студенттері қысқаша бейнеролик түсіріп, өздерінің кәсіби таңдауы, мотивациясы мен болашақтағы мақсаттары туралы айтып береді. Қатысушылар жеке оқиғаларымен бөлісіп, неге дәл осы мамандықты таңдағанын және ол олар үшін неліктен маңызды екенін түсіндіреді.

Байқаудың мақсаты – жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету және қоғамда еңбек пен қолданбалы білімге деген құрметті нығайту.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: