Сенбі, 16 қараша, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде Президент бастамасынан соң дайындалған орыс тілі туралы заң жобасы қабылданбайтын болды

28.09.2023

572 0

Ғылым және жоғары білім министрлігі орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын жариялады. Алайда бір күннен кейін құжат мұрағатқа жіберілді. Бұл туралы Press.kz сайты хабарлайды. 

25 қыркүйекте «Ашық НҚА» сайтында ТМД елдерінде орыс тілін қолдайтын және насихаттайтын ұйым туралы шартқа қол қою туралы құжат пайда болды.

Бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Ол оны 2021 жылдың желтоқсанында Ресей басшысы Владимир Путинмен әңгімелесу кезінде айтқан. 2022 жылдың қазан айында бұл идеяны ТМД-ның басқа елдері де қолдады.

Алайда жоба қабылданбады. Мұрағатқа кеткен құжатта тұрғындардың жағымсыз пікірлері бар. Қазақстандықтар орыс тілін дамыту идеясын сынға алып, бұл үшін мемлекеттік бюджетті жұмсауды орынды деп санамайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: