Дүйсенбі, 16 маусым, 17:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 – 2156
14.06.2025
PDF мұрағаты

Елімізде «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты қабылданды

15.05.2025

331 0

Фото: ҚМДБ

Астанада өткен имамдар форумы аясында «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжат құдайы ас беруде қарапайымдылықты сақтау, шариғат пен ұлттық дәстүр үйлесімін қалыптастыру, қоғамда көрініс беріп отырған ысырапшылдық пен бәсекелестіктің алдын алу бағытында жол көрсетеді.

Оның аясында имамдар қазақстандықтарды: 

– отбасы құндылығын сақтауда, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізде көрсетілген ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттері мен ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге;

– құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге, дініміз бен дәстүрімізді ұштастыра отырып, қарапайымдылыққа мән беруге;

– Қазақстан қоғамында дәстүрлі исламның орны мен құндылығын сақтау жолында ұлттық, рухани тұтастықтың тірегіне қызмет етуде белсенді болуға шақырды.

Форумда, сондай-ақ «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы да қабылданды. Бұл құжат – отбасы институтының Исламдағы орны мен жауапкершілігін нақтылап, ата-ана мен ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуды, иманды, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ өсіруді басты мұрат еткен тұғырлы ұстаным.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: