Сәрсенбі, 30 сәуiр, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Елімізде құрылысты бақылайтын портал құрылмақ

30.04.2025

130 0

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов елімізде цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Вице-министр Қазақстанда жоспарлау, жобалау және объектіні салу процесін бақылауды қамтитын бірыңғай портал құрып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірыңғай терезе қағидаты бойынша порталда қажетті қызметтерді алу кезінде салалық жүйелерге жіксіз көшу мүмкіндігі қамтамасыз етеді.

«Қазір жүйе 89 қаланың қалалық жобаларын және инженерлік инфрақұрылымның 92,4%-ын қамтиды. Қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықтады. Бұл біріздендіру құжаттардың бастамадан бастап пайдалануға енгізілгенге дейінгі нысаналы мақсатқа сәйкестігін түпкілікті тексеруді қамтамасыз етеді», – деді Қажкенов.

Министрлік құрылыс мониторингі шеңберінде жасанды интеллектіні пайдаланбақ. Сондай-ақ бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының іске асырылуын бақылаудан кейінгі технологияны пилоттау жөніндегі жұмысты жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: