Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде «Ұлттық қор — балаларға» жобасы іске қосылды

01.01.2024

708 0

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми іске қосылды. Алдын ала мәлімет бойынша жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық қорды басқару Ұлттық банктің құзырындағы шаруа болғанмен, «Ұлттық қор — балаларға» жобасының үйлестірушісі — қаржы министрлігі. Ал оператор — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

Әділет министрлігінің базасындағы дерек негізінде 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18-ге толмаған балалардың тізімі жасалады. Сол тізім негізінде Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысын неше балаға теңдей бөлу керектігі белгілі болады.



2024 жылдың 1 ақпанында осы есеп негізінде 18-ге толмаған балалардың бәріне бірдей мөлшерде ақша аударыла бастайды. 18 жасқа толған соң бала Ұлттық қордан түскен төлемді тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, оның ішінде шетелде білім алу мүмкіндігіне жұмсай алады.

Бірақ баспананы тек Қазақстан аумағынан сатып алуы керек. Ұлттық қор төлемін аудару бала қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Бұл жағдайда мұрагерлік құқығы күшіне енеді. Ондай баланың мұрагері кім бола алатыны Азаматтық кодекстің айрықша бөлігінде көрсетілген, яғни әр баланың мұрагері нақты жағдайы бойынша анықталады. Ал заңды мұрагер баладан қалған ақшаны өз қалауынша пайдаланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: