Жексенбі, 24 қараша, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде утиль алымы бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы бекітілді

04.06.2024

367 0

Фото: Stan.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның дерегінше, жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар топ құрамына петицияның бастамашысы, бірқатар қоғамдық бірлестіктің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.

Министрліктің баспасөз қызметі жұмыс тобының қызметі туралы ресми сайты мен t.me/minpromstroykz телеграм-каналында хабарлайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: