Жұма, 08 қараша, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты

03.01.2024

458 0

Фото: el.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жәрдемақылар мен зейнетақы мөлшері артты. Бұл туралы El.kz хабарлайды.

Атап айтқанда, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мен базалық зейнетақының барлық түрін Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес — 7, ынтымақты зейнетақыны — 9 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп арттыру көзделген.

2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) — 130 414 теңге (2023 жылы — 120 838 теңге).

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары деңгейі 120 пайызға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 60-тан 65 пайызға дейін ұлғаяды.

Бұл — 28 215 теңге, ал ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 100-ден 105 пайызға дейін артып, 45 578 теңге болды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы:

— 1, 2, 3 баланың тууына берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы — 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін;

— мөлшері балалар санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін — 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін;

— I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топ — 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топ — 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілетінен айырылу бойынша төлем 7 пайызға артты.

Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырады.

Төлем мөлшері жеке-жеке және мыналарға байланысты болады: соңғы 2 жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: