Жұма, 15 қараша, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жүргізуші куәліктері электрон форматқа ауыстырылады

15.11.2024

98 0

Қазақстанда жүргізушінің өз бетінше даярлаудан өтуі және онлайн оқыту алынып тасталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Біріншіден, жүргізушінің өз бетінше даярлаудан өтуі және онлайн оқыту алынып тасталды.

Екіншіден, автомектептер мен курсанттарды тіркеу ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады және бұл курстарды бітіргені туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды бұрмалау мүмкіндігін жояды.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жүргізуші курсын бітіргені туралы сертификат толығымен электрон форматқа ауыстырылады.

ІІМ автомектептерге жүргізушілерді даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат берудің лицензиялау тәртібіне қайта оралуды жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: