Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде балалар денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 360 мыңнан астам сәби дүниеге келеді және олардың денсаулығы өмірінің алғашқы күнінен бастап 4 мыңнан астам педиатр мен 1 мыңнан астам неонатологтың бақылауында болады.
Қазақстанда әрбір бала туған сәтінен бастап медициналық бақылауға алынады, – деп атап өтті министр.
Балаларға тегін медициналық көмек көрсету жүйесі кеңінен қамтылған:
7 миллионнан астам бала тегін медициналық көмекке ие;
Жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен өтеді;
4,5 миллионнан астам бала профилактикалық қарап-тексеруден өтеді;
1,5 миллионнан астам балаға вакцинация жасалады.
Мектептегі медициналық қызмет пен тамақтану – басты назарда
Ақмарал Әлназарова мектеп оқушыларына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына ерекше тоқталды:
Бүгінде әрбір мектеп белгілі бір емханаға бекітілген, онда 6,5 мыңнан астам медициналық пункт жұмыс істейді. Бұл балалардың денсаулығындағы мәселелерді дер кезінде анықтауға және аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді, – деді ол.
Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап мектептегі тамақтанудың жаңа ұлттық стандарты енгізіліп жатқанын хабарлады.
Ол ғылыми ұсынымдар, өсіп келе жатқан организмнің қажеттіліктері мен салауатты өмір салты қағидаттары негізінде әзірленген, – деді Әлназарова.
Болашаққа бағытталған бастамалар
Балалар денсаулығын дамыту мақсатында:
- Ерте диагностика,
- Неонаталдық көмек,
- Онкопедиатрия,
- Оңалту,
- Паллиативтік қолдау бойынша озық технологиялар енгізіліп келеді.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап емханаларда ерте араласу орталықтары ашылады. Бұл орталықтар көмекке мұқтаж балаларды қолдау үшін қызмет етеді.
Стоматологиялық денсаулық – назарда
Қазақстан балалардың стоматологиялық денсаулығына ерекше көңіл бөледі, – деді министр.
«Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы аясында барлық мектептерде міндетті стоматологиялық қарап-тексеру мен тісжегінің алдын алу шаралары жүзеге асырылып келеді.
Қорытындылай келе, Ақмарал Әлназарова:
Мен, педиатр-дәрігер және министр ретінде, баланың денсаулығы — бұл оның толыққанды дамуының, өмірдегі жетістігінің және бүкіл ұлттың білімі мен күшінің негізі екенін жақсы білемін» – деп атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!