Сейсенбі, 26 қараша, 20:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі әуе билеттерінің бағасы төмендеді

26.11.2024

82 0

фото: Stan.kz 

Астана-Алматы бағытындағы әуе билеттері 9 мың теңгеден басталады. Журналист Асхат Ниязов билет бағасының төмендеуін көлік министрі Марат Қарабаевтың сұхбатымен байланыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марат Қарабаев “Обожаю” арнасына берген сұхбатында елде әуе билеттерінің бағасы 6 мың теңгеден басталып, 15 мың теңгенің арасында екенін айтты.

“Біз сол кезде күліп едік, енді өздеріңіз кіріп билеттердің бағасын көріңіздер. Астанадан Алматыға ұшақ билетін 9 мың теңгеге алуға болады екен. Министрлік министрдің сұхбатының шығуына қатты дайындалса керек”, – деп жазды Асхат Ниязов.

Журналист билеттің бұрынғы бағалары қайтарылмайынша , министрдің билет бағасын айтқан сұхбат үзіндісін шығармайтынын айтты. 

Еліміздегі әуе билеттерінің бағасы төмендеді

Осыған қатысты көлік министрлігінің “Курсив” басылымына берген жауабында билет бағаларының адам санына, сұранысқа, маусымға, апта күніне және басқа факторларға байланысты екенін айтқан. 

“Сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тасымалдаушылардың рейстері үнемі ашылып жатқанын ұмытпаңыз. Рейстер неғұрлым көп болса, соғұрлым бағалар төмендейді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев ішкі рейстер үшін әуебилеттердің бағасының Еуропадан аса айырмашылық жоғын айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: