Жұма, 21 ақпан, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Еліміздегі алты әуежайға тексеру жүргізілді

19.02.2025

204 0

Фото: liter.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өз кезегінде «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду баяндама жасады.

«AZAL әуе компаниясы ұшағының апатынан кейін берген тапсырмаңызға сәйкес біз Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен әуежайларын  тексердік. Сонымен қатар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan сияқты  тұрақты әуе тасымалдаушыларының 71 азаматтық әуе кемесіне перрондық тексеру жүргізілді. 686 әуе компаниясы ұшқышының дайындығы мен ұшу алдындағы бақылауына талдау жасалды», деді Каталин Раду.

Сондай-ақ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, авиациялық қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, азаматтық авиацияның негізгі субъектілерін жоспардан тыс тексеру жалғасып жатыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшу қауіпсіздігі деңгейі 74%-дан 82%-ға дейін көтерілген.

 Естеріңізге сала кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтау қаласының маңындағы ұшақ апатынан кейін авиациялық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: