Сенбі, 10 мамыр, 05:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

14.04.2025

355 0

Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 44,3 миллиард теңге мөлшерінде зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 465 мың адам.

«2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 963 теңге, базалық зейнетақы 47 659 теңге болды», – деп жазылған хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: