Жексенбі, 14 қыркүйек, 12:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

Еліміздің бас қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті 

14.09.2025

54 0

Жәрмеңке аясында Сыр елінің өнер иелері арқа төсінде мерекелік концертін өткізіп, елордалық көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
Мерекелік кеште ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Медеуова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Бимбетова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері  Ақмарал Ноғайбаева, Рауза Ысқақова, дәстүрлі орындаушы Әділхан Қуаңбаев, «Тұран» триосы және бірқатар өнер жұлдыздары ән шашуын арнап, Сырдың сазды сәлемін көрерменге паш етті.
Сыр елінің бас шаһары елордамен мәдени, рухани үндестікте, байланыста болуы заңды құбылыс. Арқа жұрты Сыр елінің өнерін жылы қабылдап, мәдениет және руханият өкілдеріне ерекше қолдау білдірді. Бұл байланыс болашақта да өзінің өрнекті жалғасын таба бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: