Сенбі, 23 қараша, 05:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады

11.09.2023

430 0

Сурет ашық дереккөзден

 «Қазгидромет» РМК-сы 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, бүгін циклон және онымен байланысты фронталды бөліктердің салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауып, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, ҚР оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: