Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізге 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар қырғыз шекарасында ұсталды

21.09.2024

263 0

Фото: BAQ.KZ

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы «Кең-булуң» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Хабарламада ұсталғандардың саны мен аты-жөні аталмаған. Олар алтын құймаларын Лексус 470 маркалы автокөлік ішіне жасырған. Тексеру барысында бұл құймалардың құжаты болмаған.

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін анықтау, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда, – делінген хабарламада.

Дегенмен, комитет өкілдері шығын сомасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл – шамамен 170 млн теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: