Балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады. Заңға енгізілген түзету – мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады. Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түзетулер – Оқу-ағарту министрлігіне мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік береді. Бұл қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу белгіленген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!