Дүйсенбі, 23 маусым, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Енді қаладағы камералар әр қазақстандықтың «ізіне түседі»

23.06.2025

88 0

Фото: depositphotos.com

Президент «Қауіпсіз қала» ұлттық платформасын іске қосуды тапсырды.

Қазақстанда қаладағы бейнебақылау камералары арқылы әрбір адамның жүріс-тұрысына талдау жасалып, көшедегі көліктер есепке алынады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұдан бөлек, «Қауіпсіз қала» ұлттық платформасын іске қосу керек. Бұл – қаладағы бейнебақылау құралдары енді адамның бет-жүзін анықтап, оның жүріс-тұрысына талдау жасап, көшедегі көлікті де есепке алады деген сөз. Мұндай озық технологиялар түрлі заңсыздықтың алдын алуға мүмкіндік береді, сол арқылы қоғамдық тәртіпті нығайта түседі», – деп мәлімдеді президент.

Тоқаев Ақтөбе облысына сапары кезінде Жедел басқару орталығында болғанын айтты.

«Орталықта жасанды интеллектінің көмегімен қаладағы ахуалға тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Полиция қызметінің тиімділігін арттыратын осындай орталықтарды еліміздің барлық қаласы мен ауданында ашу қажет. Әкімдер бұл жұмысқа белсенді түрде кірісуге тиіс», – деді мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: