Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді шетелдік әуе компаниялар Қазақстанның 13 қаласына шектеусіз ұша алады

02.12.2023

939 0

Фото: stan.kz

Шетелдік авиакомпаниялардан Қазақстанның ірі қалаларына ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды. Енді шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» бар отандық бірқатар әуежайға шектеусіз ұша алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Көлік министрлігі ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, әуе көлігінің қолжетімділігі мен дамуы үшін қазақстандық әуетасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында «ашық аспан» режимін одан әрі жетілдіріп жатыр. Атап айтқанда, министрлікпен «ашық аспан» режимін енгізу туралы бұйрыққа шетелдік әуекомпанияларына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауғабағытталған өзгерістер енгізілді”, – делінген сенбі күні тараған ақпаратта.

Енді шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» бар отандық бірқатар әуежайға шектеусіз ұша алады.



“Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуебилеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр”, – деп қосты аталған министрлік.

Азаматтық авиация комитетінің атап өтуінше, «Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: