Сенбі, 21 желтоқсан, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті

09.01.2024

536 0

Сурет: massaget.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енді елімізде такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндетті екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист вице-министрге «Қазақстанда «Яндекс. Такси» және тағы басқа такси парктерінің жүргізушілері бар. Мысалы, бүгін мен жұмысқа таксимен келдім. Жолақысын мобильді аударым арқылы төледім. Ақша такси жүргізушісінің әйелінің атына түсті. Енді такси жүргізушілері мен курьерлер салықты қалай төлейді? Олар үшін салықты компания төлей ме?», – деп сұрақ қойды.

Ержан Біржанов такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін жеткізді.

«Бүгінде такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі бар. Заңға сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы 1 пайыз салық төлей алады. Олар міндетті түрде салық органдарына келіп, тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (жеке кәсіпкер ретінде) тіркеле алады. Оларға жағдай жасалған», – деді ол.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Біз операторды салық төлеуші ретінде тіркеуді қарастырып жатырмыз. Осындай ұсыныс бар. Мысалы, такси жүргізушісі оператор арқылы жұмыс істесе, ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны (салық төлеу – еск.) міндетінен босатуды қарастырып жатырмыз. Бұл енді болашақ кодекстің нормасы болады деп ойлаймыз. Мәселені бизнеспен (кәсіпкерлермен – еск.) талқылап жатырмыз. Қазір қолайлы жағдай бар. Такси жүргізушілері мобильді қосымша, патент арқылы (жеке кәсіпкер ретінде – еск.) тіркеліп, 1 пайыз салық төлеуі керек. Бүгінде такси жүргізушілері қызмет атқарып, қолма-қол ақша алатын болса, операторлар тарапынан мұндай жүргізушілердің рейтингі төмендеп, тапсырысы азаюы мүмкін. Ондай жағдай бізде жиі тіркеліп жатыр. Сондықтан такси жүргізушілері заң аясында жұмыс істеуі керек деп ойлаймын», – деді Ержан Біржанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: