Дүйсенбі, 14 шiлде, 17:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Еңбек кітапшасы міндетті құжаттар қатарынан алынды

14.07.2025

79 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшасы енді міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде еңбек қатынастары цифрлық форматта жүргізіледі. Ал еңбек өтілі Бірыңғай есеп жүйесінде тіркелген электронды еңбек шарттары мен зейнетақы жарналары арқылы есептеледі.

«Еңбек кітапшасы – ескірген құжат. Қазір оның қажеті жоқ. Қалаған адам естелік ретінде сақтап қала алады, бірақ заң бойынша ол талап етілмейді», деді Светлана Жақыпова.

Жаңа тәртіп бойынша жұмысқа орналасу үшін электронды еңбек шарты жеткілікті. Егер зейнетақы жарналары тұрақты аударылса, еңбек өтілі автоматты түрде есепке алынады.

Министрлік бұл өзгеріс еңбек қатынастарын жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтуға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: