Сәрсенбі, 30 шiлде, 04:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

29.07.2025

100 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте еңбек нарығын дамыту, суармалы егіс алқаптарының жағдайы, бос тұрған ғимараттарды тиімді басқару мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Біздің аймақ жұмыспен қамтудың өңірлік картасы бойынша республикада үздік үштікте. «2025 жылға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жоспарланған 46 560 жұмыс орнының 15 198-і ашылып, бос орындарға 3 105, субсидияланатын орындарға 9 307 адам орналасты. Ұлттық жобалар шеңберінде 186, кәсіпкерлер бастамасымен 1 925 жұмыс орны құрылды.Жаңа бизнес-идеялар бойынша түскен 1 296 өтінімнің 675-і мақұлданып, әлеуметтік әлжуаз топтарға грант берілді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 22 «Ашық есік күні» және 54 жәрмеңке өтті. Солтүстік пен Шығыс өңірлерге 15 отбасы қоныс аударды, 1 555 адам «Бастау Бизнес» жобасымен, ал 29 132 адам онлайн оқыды .

– Өңіріміздегі биылғы вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтуде. Егінге қажетті су көлеміне сұраныс ең жоғары деңгейге жетті. Аталған мәселе бойынша күні кеше Үкімет басшысының қабылдауында болып, жағдайды баяндадым. Олжас Абайұлы Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларының Премьер-министрлерімен сөйлесіп, арнайы Үкіметтік делегацияны жіберді. Көрші елдер көмектесетіндіктерін айтты. Бұл – Президентіміздің, Үкімет басшысының өңірімізге деген үлкен қолдауы. Енді біз қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануымыз қажет. Егінді су тапшылығы жағдайында белгіленген кестеге сәйкес кезектестіріп суаруды ұйымдастырыңыздар. Қолда бар насостардың тұрақты жұмысын тиісті талаптарға сәйкестендіру керек. Келген суды шаруашылықтар арасында әділ бөлуді үйлестіріңіздер. Күзде мал суаттарына қатысты туындауы ықтимал мәселелердің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдаңыздар.Коммуналдық меншіктегі апатты жағдайда бос тұрған ғимараттарды заңнамада белгіленген тәртіппен комиссия арқылы есептен шығарыңыздар. Бүгінде Қызылорда қаласының бірқатар аумағында жарық жоспарлы түрде ажыратылуда. Ажыратулар жаңа жылу-электр орталығының электр желілеріне қосылу жұмыстарымен байланысты. Бұл өз кезегінде ауыз судың да қалыпты берілуіне кері әсерін тигізді. Тіршілікті қамтамасыз етуші жүйелердің үздіксіз жұмысын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Халықты электр энергиясымен, сумен, газбен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе туындамауы тиіс, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: