Жұма, 19 желтоқсан, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Ералы Тоғжанов өндірістік және әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

18.12.2025

47 0

Фото: Облыс әкімдігі

Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевпен бірге «Ауыл аманаты» жобасы арқылы қаржыландырылған өндірістік, одан бөлек әлеуметтік нысандар жұмысымен танысуды Қызылорда қаласында жалғастырды.

Ералы Тоғжанов өндірістік және әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты


Алдымен сол жағалаудағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадионға және Үстел теннисі орталығына барды. Стадион қазан айында футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды. УЕФА классификациясы бойынша ІV санатқа кіреді.
Ерекше атап өту қажет, стадион облыс бюджетінен үнемделген қаражат есебінен салынды. Материалдық-техникалық базасы соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Үстел теннисі орталығында 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар, 31 қызметкер еңбек етеді.

Ералы Тоғжанов өндірістік және әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты
Ералы Тоғжанов өндірістік және әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты


Әрі қарай Ералы Тоғжанов «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы мен «BAUKIN» ЖК жиһаз цехында болды. Шағын өнеркәсіптік аймақта «Момыш» ЖК кондитерлік цехы тәулігіне 40-60 кг, «Жапахов» ЖК сүт өнімдері цехы 1200 л, «Жапахов» ЖК нан-тоқаш өнімдері цехы 600-800 кг, «Берлибековна» ЖК ет және шұжық өнімдері цехы 60-100 кг, «Есимсейтова» ЖК жартылай фабрикаттар цехы 60-100 кг, «Ерниязова» ЖК жартылай фабрикаттар цехы 40–60 кг, «Адил и К» ЖК жартылай фабрикаттар цехы 50-80 кг, «Абил» ЖК жартылай фабрикаттар цехы 50-70 кг өнім өндіреді. Жиһаз цехы айына 2-3 жиһаз шығарады.

Ералы Тоғжанов өндірістік және әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты
Ералы Тоғжанов өндірістік және әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты


«Раманкулова» ЖК жартылай дайын тағам өнімдері цехында да жұмыс жүйеге қойылған. Кәсіпорын тәулігіне 5-15 кг тұшпара, манты, тефтели дайындайды.
Нысандарды аралаған соң Ералы Тоғжанов «Аяла» ЖК тігін цехына барды. Мұнда айына 50-60 көрпе, көрпеше, жастық, ұлттық киімдер тігіледі.
Премьер-министр кеңесшісі аймақтағы серпінді жобаларға, тындырымды тірлікке оң бағасын беріп, алдағы міндеттерді де атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: