Сейсенбі, 20 қаңтар, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

20.01.2026

56 0

Фото: Ақорда

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтығанын еске салды.

-Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды, – деді Ерлан Қарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: