Сәрсенбі, 01 қазан, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Футболдан Қазақстан кубогінің басты жүлдесі Сыр елінде

01.10.2025

132 0

Қазанның 4-і күні Қызылорданың жанкүйер қауымы үшін айтулы күн болмақ.Аймағымыздың сол жағалауында бой көтерген жаңа стадионда Қазақстан кубогінің финалы өтеді.

Футболдан Қазақстан кубогінің басты жүлдесі Сыр елінде

Бұл жолы ел футболының қос бірдей үздігі – шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» шешуші бәсекеде бақ сынайды. Екі команда да маусым бойғы қажырлы еңбегінің өтеуін осы финалда алуды көздейді.

Футболдан Қазақстан кубогінің басты жүлдесі Сыр елінде

Матч қарсаңындағы шараға Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр мен облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қатысып, доп додасының мән-маңызына тоқталды.

Футболдан Қазақстан кубогінің басты жүлдесі Сыр елінде

«Ордабасы» үшін бұл финал – келесі жылғы еврокубок ойындары жолдама алар мүмкіндік. Ал «Тобыл» талай жылғы тәжірибесімен тағы бір мәрте кубокты өз қоржынына түсіруге ниетті.

Футболдан Қазақстан кубогінің басты жүлдесі Сыр елінде

Жаңа стадиондағы алғашқы ірі матч футболсүйер қауымның есінде ұзақ сақталары анық. Сыр елі футбол мерекесіне куә болып, ел кубогінің жаңа иегерін бірге анықтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: