2013 жылдан бастап халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы Алматы әуежайында ұсталды. Бұл туралы kaz.nur.kz хабарлайды.
«13 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды. Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған», – делінген хабарламада. Ұсталған ер адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. ІІМ өкілдері жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!