Сурет ашық дереккөзден
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Бүгінгі күні санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы бойынша электрондық түрде 7 мемлекеттік қызмет беру көзделген. Оның ішінде Департаментпен және аумақтық басқармалармен 6 түрі көрсетілсе, ҚР ДСМ Санэпидбақылау комитетімен мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетіледі. Қызметтің барлығы да «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы беріледі. Қызмет көрсету мерзімдері орта есеппен 10-13 күнді құрайды.
Айта кететін жағдай, 2023 жылдан бастап Департаменттің құзыретіне «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу» және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметтері берілді.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бойынша 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен халықтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 1195 өтініш келіп түсті, оның 739-на рұқсат құжаттары берілсе, 456 құжатқа дәлелді бас тартулар берілді. Барлық рұқсат құжаттары электронды түрде Е-лицензия ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімін бұзу фактілері орын алған жоқ.
Талғат Сердалиев
Қызылорда облысының саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!