Жұма, 27 қыркүйек, 03:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

ІІМ іздеуде жүрген алаяқтарды ұстады

19.09.2024

199 0

Фото: baq.kz

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.

Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: