Жексенбі, 18 мамыр, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

18.05.2025

96 0

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы кездері алаяқтар заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалана бастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар банк, құқық қорғау органдары немесе туыстар атынан хабарласып, шынайы адамның дауысын дәл салып, сенімге кіруге тырысады. Тіпті Deepfake технологиясын қолдана отырып, танымал тұлғалардың немесе жақын жандардың бейнесін шынайы етіп жасап, бейнеқоңырау шалу арқылы алдауға дейін барады. Алаяқтардың айқын белгісі – эмоциясыз дауыс, қисынсыз сөйлемдер мен асығыс әрекетке итермелейтін сөздер, – деп жазылған ақпаратта.

Министрлік күмән тудыратын хабарламалар мен қоңырауларға аса мұқият болуға кеңес береді. Сондай-ақ жеке деректерді – ЖСН, банк шоты, құпиясөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеуді ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: