Жұма, 29 қараша, 06:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

inDriver таксиді жасап шығарған Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды

03.12.2023

810 0

Фото: massaget.kz

inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы оның өзі сенбіде, 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.

«Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді», – деп жазды министр.

Арсен Томский 2022 жылдың күзінде берген сұхбатында компания кеңсесінің Якутскіден Алматыға көшуі, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі және 2016 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалының онлайн-агрегаторы не себепті бұғатталғаны туралы айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: