Дүйсенбі, 01 қыркүйек, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65, 2178
30.08.2025
PDF мұрағаты

Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

01.09.2025

43 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ardent Plastik және Nigde Plastik» компаниялары  директорлар кеңесінің төрағасы Азми Берк Алтунташпен кездесіп, инвестиция тарту мәселесін талқылады.

Қызылорда облысы әріптестік пен инвестициялар үшін әлеуетті, даму қарқыны жоғары агро-индустриялық аймақ екенін атап өтті. Компанияның су үнемдеу технологиясы саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. 

«Біз әрбір инвесторды қолданыстағы заңнама аясында сүйемелдеуге дайынбыз. Барлық инфрақұрылым желілері қолжетімді, облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді Н.Нәлібаев.

Азми Берк Алтунташ инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған «Өндіріс» индустриялық аймағы жұмысымен танысқанын және бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: