Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысы Жаркент қаласына жұмыс сапары кезінде «Жаркент крахмал-сірне зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік үдерісімен танысты.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік алаңдарын аралап, жүгеріден крахмал мен сірне өндіру технологиясын көрді. Зауыт басшылығымен өндірістік қуаттылық, шикізатпен қамтамасыз ету, экспорттық бағыттар және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.«Жаркент крахмал-сірне зауыты» – еліміздегі жүгеріні терең өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. Жылына 200 мың тоннаға дейін жүгері өңдеуге қауқарлы зауытта крахмал, сірне, глютен, мал азығына арналған өнімдер шығарылады. Өнімнің бір бөлігі ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалғаны Қытай, Орталық Азия және ТМД елдеріне экспортталады.
Облыс әкімі өңірлік өңдеу өнеркәсібін дамытуда мұндай кәсіпорындардың тәжірибесі ерекше маңызды екенін атап өтіп, аймақтағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жоспарларды бөлісті.
Басқосуда осы өндірістік жобаны Қызылордада іске асыру мүмкіндігі, инвестициялық әріптестік жайы талқыланды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!