Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен арнайы инвестициялық кеңес өтті. Күн тәртібінде еліміздің инвестициялық саясаты, инвестиция тартудың жаңа тәсілдері, инвесторлар құқығын қорғау шаралары және инвестициялық омбудсменнің рөлі туралы мәселелер қаралды.
Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров селекторлық режим арқылы қатысты.

Инвестициялық кеңестен соң облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің инвестициялық ахуалы, қолдау шаралары талқыланып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Былтыр өңірге 631,4 млрд. теңге инвестиция тарту межесі бекітілген болатын. Индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар есебінен 774,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, индикатор 22,7% немесе 143,1 млрд. теңгеге артық орындалды.Жеке қаражат 558,6 млрд. теңге, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 14,9 пайыз, жеке инвестицияның үлесі 72 пайыз болды.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2026-2028 жылдары 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 48 инвестициялық жобасын жүзеге асыру, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Биыл 100 млрд теңгенің 21 жобасы, атап айтқанда, қуаттылығы 3,5 мың тонналық құс фабрикасы, 5,2 мың тонналық тауарлы сүт фермасы, вагон жөңдеу кешені және 50 МВт-тық 2 күн электрстанциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, 753 млрд. 300 млн. теңгеге бағаланған 14 ірі жоба құрылысы басталуда.
Өткен жылы кореялық With you Е&С Qyzylorda компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыптау кешені, Rixos қонақүйінің құрылысы қолға алынды.«Табиғи тас Қызылорда» серіктестігі 17 млрд. 300 млн. теңгеге жылына 1 млн. 100 мың тонна әк шығаратын зауытты іске қосады.Бүгін «Арал сода» серіктестігінің кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысын бастау бойынша EPC-шарттың негізгі талаптарына қол қойылады.
«Шалқия» кен-байыту фабрикасы, Seven rivers technologiesкомпаниясының шыны бөтелке, испандық Roca groupкомпаниясының санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауытының құрылысы да жақын арада бастау алмақ. Швейцариялық Harvest Agroкомпаниясының техникалық қарасора, жүгері мен соя өсіретін, қайта өңдейтін зауытының, жүгері дақылын терең өңдейтін крахмал-сірне зауытының құрылысы басталды.
Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес арнайы өңірлік инвестициялық штаб құрылған. Өткен жылы инвестициялық штабтың 9 отырысы өткізіліп, 30 инвестжобаны қолдау шаралары қабылданды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
