2 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен кездесті.
Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болуына ерекше назар аударды. Шаруалардың үлкен шығындарына қарамастан бағаның өсімін тежеу бойынша бірлескен іс-қимылдар қажеттігі айтылды.
Кездесу аясында ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60% – ға жуығы отандық тауарлар екендігі айтылды. Бұл қазақстандық өндірушілердің бөлшек саудадағы жоғары деңгейін көрсетеді.
Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сонымен бірге қосымша жылжыту қызметтерін пайдалану еріктілігін атап өтті.
Mangum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық брендтердің танымалдығы артып келеді. Отандық өндірушілердің сатылымы артып, өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда желісінің басшысы тауарларды ілгерілету қызметтері міндетті емес екенін ерекше атап өтті. Әр серіктес өзіне қажет нәрсені өзі таңдай алады.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда министрлігінің қолдауымен жеткізушілер форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алаң ірі сауда желілерімен жұмыс істеу шарттарын талқылауға және қазақстандықтардың қолжетімді бағада сапалы отандық өнімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!