Сәрсенбі, 12 наурыз, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Экономист ең төменгі жалақыны 140 мың теңгеге дейін өсіруді ұсынды

12.03.2025

33 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Экономист Бауыржан Ысқақ еліміздегі ең төменгі жалақыны көтеру керек деп есептейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тілшіміз сарапшыдан “Елімізде ең төменгі жалақыны көбейту керек пе?” деп сұрады.

«Көбейту керек. Оны үнемі айтып жүрмін. Қазір еліміздегі ең төменгі жалақы халықтың төлем қабілетіне жауап бере алмайды. Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге. Ал орташа жалақы – 400 000 теңге. Әлемдік тәжірибеде орташа жалақының үштен бір бөлігі ең төменгі жалақы болуы керек. Сонда жаңағы 400 000 теңгенің үштен бір бөлігі 130 000-140 000 теңге болады. Ал біздегі 85 мың тіпті әлемдік стандарттың өзіне сәйкес келмей отыр», – деп айтты Бауыржан Ысқақ.

Сарапшының пікірінше, еліміз ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден кем дегенде 130 000-140 000 теңгеге дейін көтерсе, ол 3,5-4 млн азаматтың жалақысының қазіргіден жоғары болуына әсер етеді. Ол азаматтардың төлем қабілетіне әсер етіп, айлық шығындарының жартысын жалақымен жаба алатындай жағдайға жеткізеді.

«Ал бізде жалақының 85-90%-ы біздің бір айлық шығындарымыздан асып кетіп жатыр. Яғни коммуналдық шығын, несие, киім-кешек, тамақ, азық-түлікке жұмсалады. Тіпті кей жағдайда тапқанымыз шайлығымыздан да асып кетеді. Сол себепті орташа жалақыны есептей отырып, төменгі жалақыны көтерсек, кем дегенде 3 млн-ға жуық азаматтың төлем қабілетін арттыруға мүмкіндік алар едік. Ал ол үлкен әлеуметтік сұрақ. Ал оған Қазақстандағы кәсіпорындардың санын көбейту, салық салынатын базаны арттыру, отандық тауар өндірушілерді көбейту арқылы ғана қол жеткізе аламыз», – деп санайды экономист Бауыржан Ысқақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: