Сейсенбі, 28 қазан, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі талқыланды

28.10.2025

51 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.


Облыста энергетикалық инфрақұрылым нысандары жыл сайын жаңғыртылуда. Әртүрлі кернеудегі 10 мың шақырымнан асатын электр желілері, 2 мыңға жуық қосалқы станция бар. Биыл 6 млрд. 100 млн. теңгеге
280 шақырым электр желісі, 87 қосалқы станция қайта жаңғыртылып, тозу деңгейі 62 пайыздан 60 пайызға төмендеді.
Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау, жаңа энергетикалық қуатты іске қосу мақсатында Қызылорда қаласында 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығының құрылысы аяқталды.

Электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі талқыланды


Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы негізгі, қосалқы қондырғыларды 100 пайыз жеткізген. Станцияның бірінші іске қосу кешені дайын.

Электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі талқыланды


Аталған жоба өңірді электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп, өндірісті дамытуға серпін бермек. Ал орталық толық қосылғанда өзге өңірлерге электр энергиясын сатуға мүмкіндік туады.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы 800 млрд. теңгеге қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу-газ қондырғыларын салуды жоспарлаған. Оған 280 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Станция 2029 жылы толығымен іске қосылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: