Сенбі, 26 сәуiр, 00:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасы бекітілді

25.04.2025

77 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметінің қаулысымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» атты ұлттық жоба бекітілді.
Ұлттық жобаның мақсаты – халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетіп, ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін ҚР энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту болып табылады.

Зура Сардарбек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
«Ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесі бекітіліп, біздің облыс бойынша бұл аталған жобаға 3 ірі табиғи монополия субъектілері «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, «Қызылорда су жүйесі» МКК мен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ қатысады. Қазіргі таңда департаментке 2 субъектіден инвестициялық бағдарламаларына өзгерістер енгізуге өтінімдер ұсынылды. Аталған өтінімдер бюджет қаражат есебінен болғандықтан тарифтің өсуіне әкеп соқпайды. Ұлттық жоба аясында департамент облыстық энергетика басқармасымен бірлесіп өңірдегі ірі табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларына өзгерістер енгізілетін болады».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: