Каспий теңізінде магнитудасы 3,1 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 25 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 18:22-де болған.
«Жерасты дүмпулерінің ошағы 66 километр тереңдікте болған. Эпицентр Ақтау қаласынан 460 километр қашықтықта орналасқан. Координаттары: 39°34′48″ солтүстік ендік, 51°36′36″ шығыс бойлық», делінген хабарламада.
Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат түспеген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!