Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Катарлық инвесторлар елімізге 20 миллиард доллар құяды

10.10.2024

304 0

Фото: pixabay.com

Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы келісімді мақұлдады. Нәтижесінде катарлық инвесторлар тарапынан елімізге 20 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі мемлекет арасындағы басым бағыттардағы жобаларды іске асыруға арналған келісімге сәйкес Қазақстанда телекоммуникация, энергетика, транспорт, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы мен қаржы саласында жобалар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар келісімде мүлікті қайтарымсыз мәжбүрлі түрде тәркілеуден қорғауға арналған норма да қарастырылған. Бұдан бөлек салық режимінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, салық және кедендік жеңілдіктер ұсыну да бар. 

Салалық министрліктің мәліметіне сәйкес аталған келісім бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде жаңа абоненттік байланыс құрылады. Сондай-ақ Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытын, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін, Қызылорда облысында электрстанция мен Ертіс су электр станциясын салу да қарастырылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: