Сенбі, 27 желтоқсан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Кейден ауылында жаңа күрес залы пайдалануға берілді

27.12.2025

46 0

Фото: Облыс әкімдігі

Жаңақорған ауданының Кейден ауылында жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін, заманауи талаптарға сай жаңа күрес залы ашылды.

Кейден ауылында жаңа күрес залы пайдалануға берілді


Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері, аудан спортшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Кейден ауылында жаңа күрес залы пайдалануға берілді

Облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, аймақтың спорт саласындағы жетістіктерді атап өтті.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спортты дамыту ұлт саулығының кепілі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта елімізде, оның ішінде аймағымызда да спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен кейінгі 3 жылда 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Биыл Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион пайдалануға берілді. УЕФА-ның 4-санатты сертификатын алған заманауи нысанда ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік қарастырылған.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі – «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы.

Атап өту қажет, Жаңақорған ауданында соңғы жылдары 15 жаңа спорт нысаны іске қосылған. Осындай игіліктердің жалғасы ретінде бүгін міне, тағы бір спорт нысанының ашылуында бас қостық.
Жаңа күрес залы ауыл жастарының үлкен спортқа жолын ашып, осы жерден болашақта ел намысын қорғайтын чемпиондар шығады деп сенеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Алдағы Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен жақсылық әкелсін!”,- деді Ардақ Темірханұлы.

Кейден ауылында жаңа күрес залы пайдалануға берілді

Жиында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен күрес залын салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Бақытұлы сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Исабекұлы батасын берді.

Құрылысына 114 млн 400 мың теңге бөлінген нысан 50 балаға арналған. Жаттығу залы, дәрігерлер мен жаттықтырушыларға арналған қызметтік бөлмелер қарастырылған. Қолданыстағы талаптарға сай заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл балалардың қауіпсіз әрі жүйелі түрде спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Жаңақорған ауданында «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күкірт қышқылы зауыты қызметкерлеріне арналған спорт залы пайдалануға берілді.

Атап өту қажет, Қызылорда қаласындағы «Достық үйінің» жаңа ғимараты да ұлттық атом компаниясының демеушілігімен салынуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: