Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Келелі мәмілелер жасалды

05.07.2024

352 0


Қазақстан төрағалығындағы ШЫҰ бір жылдық жұмысын қортындылап, атқарылған жұмыстарды сараптап, атқарылатын шаруаларды ақылдасу үшін жасалған саммитті ойдағыдай өткізді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады. Ұйымға мүше елдер басшыларымен қатар саясатта салмағы бар қаншама саясаткер құрметті қонақ ретінде қатысып, келелі мәмілелер жасалды.
 
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді.
 
Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады. Бұл, ұйымға мүше елдердің экономикалық дамуына ерекше серпін беретін құжаттар десек болады.
 
Сондай-ақ Қазақстан төрағалығы кезінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылғанын айтуымыз керек.
 
«ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналып келе жатқанын да ел Президенті қуана хабарлады.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындады. Сондай-ақ Президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.
ШЫҰ саммиті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өзге елдерге үлгі боларлық дәрежеде өткені еліміз үшін үлкен мәртебе, оған бізде қуаныштымыз. Еліміз Азия мен Еуропаның арасындағы алтын қақпа екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Қазақстан төрағалығындағы ШЫҰ бір жылдық жұмысын қортындылап, атқарылған жұмыстарды сараптап, атқарылатын шаруаларды ақылдасу үшін жасалған саммитті ойдағыдай өткізді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады. Ұйымға мүше елдер басшыларымен қатар саясатта салмағы бар қаншама саясаткер құрметті қонақ ретінде қатысып, келелі мәмілелер жасалды.
 
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді.
 
Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады. Бұл, ұйымға мүше елдердің экономикалық дамуына ерекше серпін беретін құжаттар десек болады.
 
Сондай-ақ Қазақстан төрағалығы кезінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылғанын айтуымыз керек.
 
«ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналып келе жатқанын да ел Президенті қуана хабарлады.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындады. Сондай-ақ Президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.
ШЫҰ саммиті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өзге елдерге үлгі боларлық дәрежеде өткені еліміз үшін ұлкен мәртебе, оған бізде қуаныштымыз. Еліміз Азия мен Еуропаның арасындағы алтын қақпа екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Бақберген Досманбетов, қоғам және мемлекет қайраткері, ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, «Болашақ» университетінің құрылтайшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: