Жұма, 27 желтоқсан, 02:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Келер жылы зейнетақы көбейеді

26.08.2024

1208 0

Қазақстанда АЕК мөлшері 3932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Бұл туралы құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Қазір ол – 3692 теңге.

Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, 85 000 теңге болып қалады, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома 46 228 теңгеге дейін өспек, қазір бұл көрсеткіш – 43 407 теңге.

Құжат 31 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: