Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының басшысы Ян Миньюймен кездесіп, мұнай-газ саласын дамыту бойынша екіжақты қатынастар орнатудағы кейбір мәселелерді талқылады.
«Петро Қазақстан» – өңірдегі ірі мұнай өндіруші компаниялардың бірі және Оңтүстік Торғай ойпатының бірнеше кен орнын игеруде. Қазіргі уақытта кен орындарының басым бөлігі өндірудің соңғы кезеңінде және қалдығы қиын өндірілетін қор ретінде сипатталады. Ұңғымалардың көпшілігінің сулануы 95%-ға дейін жеткен. Соның салдарынан кен орындарының жабылу және жұмыс орындарының қысқару қаупі бар.
Құрметті Ян Миньюй мырза, тек қолданыстағы келісімшарттық аумақтарда ғана емес, болашағы зор жаңа учаскелерде де барлау және игеру жұмыстарын бастау қажет. «Петро Қазақстан» әлеуметтік бағытталған компания ретінде өзін жақсы танытты және өңір тұрғындарына бірнеше мәрте көмек көрсетті. Алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау білдіретініне сенімім мол»», – деді Н.Нәлібаев.
Кездесуде еңбек жағдайын жақсарту, «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» компаниясы газ құбырының құрылысын мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау мәселелері сөз болды.
Ян Миньюй мырза әрі қарай да бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!